top of page

             Сертификат тапсыру рәсімі

          2017 жылдың 19 қаңтарында «Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ 2016 оқу жылының аяқталуына орай толық курсты аяқтаған 3-деңгей ттыңдаушылар арасында КАЗТЕСТ  сынағы сертификаттарын тапсыру рәсімі өтті. Рәсімге Тілдерді оқыту орталығы директорының м.а. А.Т. Нурсеитов, орталық әдіскері Ж.Т. Ибраева және қазақ тілі оқытушысы С.С.Тәжітаева қатысып, сертификатқа қол жеткізген қызметкерлерді құттықтай отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтата беруге шақырды.

Сынақ  қорытындысы бойынша сертификатқа  мемлекеттік тілінен қол жеткізген 25 адам мен ағылшын тілінен 5 адамға КАЗТЕСТ  сертификаты тапсырылды. 

Рәсім соңында КАЗТЕСТ қортындысы бойынша ең жоғары С1 деңгейіндегі сертификатта ие болған «Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы Кожахметов Аймагамбет тыңдаушыларды құттықтап, «Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы»КММ алғысын білдірді.

 

                  Прошло вручение сертификатов

          19 января 2017 года в КГУ«Центр обучения языкам акимата Сарыкольского района» в связи окончанием 2016 учебного года среди слушателей 3 уровня прошедшие полный курс обучения прошло вручение сертификатов.Поздравительные слова и вручение сертификатов предоставлялись и.о. директра Центра обучения языкам Нурсеитову А.Т., методисту центра Ибраевой Ж.Т. и преподавателю казахского языка Тажитаевой С.С.

         По итогам тестирования сертификат по государственному языку получили 25 человек и по английскому языку 5 человек.

         В конце вручения руководитель ГУ«Сарыкольская районная территориальная инспекция» Кожахметов Аймагамбет прошедший  КАЗТЕСТ на уровне С1 поздравил слушателей и поблагодроил коллектив КГУ «Центр обучения языкам акимата Сарыкольского района».

    «Ахмет  Байтұрсыновтың 145  жылдығына  арналған»  аудан оқушылары  арасындағы  көркемсөз  оқу байқауы

   

    2018 жылдың 31 қаңтарында Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығында аудан оқушылары арасында көркем сөз байқауы өтті. Байқауымыздың мақсаты: қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, тілші, әдебиетші, ірі тұлға А.Байтұрсынов шығармаларын насихаттау. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, оқу шеберліктерін дамыту. Ана  тілімізді, әдебиетімізді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Байқауға аудан мектептерінен 7 сайыскер  қатысты. Қазылар алқасының шешімімен І орынды Аллахвердиева Айгюн, екінші орынды  Аманжолов Арыстан, үшінші орынды Блинова Алена иеленді. Барлық қатысушыларға  ынталандыру сыйлықтары мен  алғыс хаттар табысталды.

«Латын қарпіне оқыту» тақырыбында тренинг

       «Сарыкөл ауданы әкімдігі тілдерді оқыту орталығы» КММ де орталық тыңдаушыларымен «Латын қарпіне оқыту» тақырыбында тренинг өткізілді. Мұндағы мақсат тіл үйренушілердің тілдік дағдыларын жаңа әліпбиге қалыптастырып жаңа қаріпке деген ой санасын өрістету болатын. Тренинг жүргізген орталық оқытушысы Бирен Ерғазықызы. Барлық қатынасқан тыңдаушылар белсенділік танытты.

 

«Латын алфавиті» тақырыбында вертуалды көрме 

           Нәзира Дәулетова атындағы Сарыкөл аудандық кітапханасында Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Латын алфавиті» тақырыбында вертуалды көрме ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты кітапханаға келетін аудан тұрғындарына, мектеп оқушыларына латын алфавитін дәріптеу болатын. Көрмені өткізу барысында көптеген қарияларымыз бұл қаріптердің оларға жат нәрсе емес екендігін алға тартып жатты және де қолдайтыны жайында ұсыныс тілектерін білдірді.

 

«Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу сайысы

      2018 жылдың 5 сәуірінде Сарыкөл ауданының тілдерді оқыту орталығы ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Байқауымыздың мақсаты қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейтуге жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Байқауға ауданымыздан 7 үміткер қатысты . Бірінші орынды Мукужанова Татьяна иеленді. Барлық қатысушылар марапатталып, ынталандыру сыйлықтарын иеленді.

 

«Өскелең ұрпақ арасында діни эстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында оқушыларымен сұхбат өтті.

 

Сарыкөл орта білім беретін мектепте «Сарыкөл ауданы әкімдігі тілдерді оқыту орталығы» КММ мен Аққозы қажы мешітінің ұйымдастыруымен «Өскелең ұрпақ арасында діни эстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен сұхбат өтті.

Оқушыларға терроризмге байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, қосымша мағлұматтар берілді. Күнделікті өмірде кездесетін, түзу жолдан тайдыратын теріс ағымдағы діни ағымдардан сақтану шараларымен таныстырылды. Оқушылар сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды және тренингтер өткізді.

«Латын қарпі әлеммен қауыштырады» тақырыбында кітап көрмесі

 

«Сарыкөл ауданы әкімдігі тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі орталық қабырғасында «Латын қарпі әлеммен қауыштырады» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде облыстық тілдерді дамыту басқармасынан берілген бірқатар кітаптар көрмеге қойылды. Сонымен қатар орталық оқытушылары дайындаған соңғы бектілген қаріп үлгісімен әртүрлі тақырыптар бойынша кітаптар көрсетілді.

 «Астана – болашақтың қаласы» атты дөңгелек үстел

 

2018 жылдың 17 сәуірінде «Сарыкөл ауданы әкімдігі тілдерді оқыту орталығы» КММ мен Нәзира Дәулетова атындағы Сарыкөл аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Астана – болашақтың қаласы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге жастар ресурстық орталығы жастары мен жоғары сынып оқушылары қатысып, баяндамалар мен өлеңдер оқылды.

                  «Сөз мерген» аудандық қазақ тілі пәнінің мұғалімдері арасында байқау

         «Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ 2018 жылдың 15 мамырында «Сөз мерген» аудандық қазақ тілі пәнінің мұғалімдері арасында байқау болып өтті. Басты мақсатымыз ұстаздарымыздың ғылыми ізденіс бағытындағы педагогикалық бастамаларын, зерттеу және белсендіру қабілеттерін қолдау болып табылады.

                  «Тіл бірліктің – кілті» аудан бүлдіршіндері арасындағы байқауы

     

        2018 жылдың 4 маусымында Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тіл бірліктің – кілті» аудан бүлдіршіндері арасындағы байқауы болып өтті. Байқауымыздың мақсаты егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін бүлдершіндеріміздің бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастырып, қоғамның белсенді азаматы болуға тәрбиелеу, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің арасындағы өзара достықтың маңыздылығын ұрпақ санасына қалыптастыру болып табылады. Екі бөлімнен тұратын байқауға жиырма екі тәрбиеленуші қатысты. Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

«Алтын домбыра» атты күй сайысы

         2018 жылдың 6 ақпанында Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының бастауымен өнер мектебінің залында аудан оқушылары арасында «Алтын домбыра» атты күй сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: қазақтың ұлттық өнерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.

 

Байқауға 11 сайыскер  қатысты. Қазылар алқасының шешімімен І орынды Еркін Айзада, екінші орынды  Панченко Данил, үшінші орынды Сауытбаева Алина иеленді. Барлық қатысушыларға  ынталандыру сыйлықтары мен  алғыс хаттар табысталды. 

      «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты аудандық байқауы

Сарыкөл ауданы әкімдігінің  тілдерді оқыту орталығы жастар арасындағы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту мақсатында 2018 жылдың  15 ақпанында  «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты аудандық байқауын өткізді.  Байқауға аудан көлеміндегі мамандар қатысты.. Байқау барысында   өзін-өзі таныстыру, «Жер-судың аты – тарихтың хаты»,  «Қазақ сөзі» турларында берілген тапсырмалар орындалып, тілдер туралы заңға, мемлекеттік бағдарламаға байланысты сұрақтарға жауап берілді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 1- орынды Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Улан» мемлекеттік кәсіпорнының  маманы Ведлер Анна, 2 - орынды Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Улан» мемлекеттік кәсіпорнының  операторы Шрайнер Татьяна, 3 – орынды кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Дошанов Баймурат иеленді. Қатысушылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

      «Көп тіл білу — заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел

     

    2018 жылдың 14-ақпанында «Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді  оқыту орталығы» КММ-де  «Көп тіл білу — заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.  Дөңгелек үстелде 9 адам қатысып,  аудан мектептерінің  тіл мамандары өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Сарыкөл аудандық  емханасының жас маманы Қажиев Нұрлан  сөз сөйлеп, шет тілін игеруде есте сақтау қабілетінің рөлін ашып айтып берді  жәнеде басқа қатысушылардың  баяндамаларына ой бөлісті. Ағылшын тілінің ерекшеліктері туралы Жундубаева Гулжан мен Кенжебаева Алия  баяндап берді.

 

«Қазақ  тілінің латын қарпіне кезең-кезеңмен көшуі» атты дөңгелек үстел болып өтті

          2018 жылдың  26 ақпанында «Сарыкөл ауданы әкімдігін тілдерді оқыту орталығы» КММ-де «Қазақ  тілінің латын қарпіне кезең-кезеңмен көшуі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты елбасымыздың Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына енгізілген өзгерістерді талқылау және халыққа насихат жұмыстарын жоспарлау. Жиынды «Сарыкөл ауданы әкімдігін тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы Серікбаев Нұмұхаммед бастап, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босататынын және түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына куә болатындығымыз турасында өз ойын ортаға салды. Дөңгелек үстелде «Мемлекеттік тілді білудің азаматтарға міндеттілігі», «Тілдік дискриминация» ұғымы, «Тіл мәселесін — саяси, ұлтаралық мәселеге айналдырмау қажеттігі» сияқты тақырыптар қозғалды.

 

«Сапалы білім  берудің жаңа жолдары» тақырыбына дөңглек үстел

 

 

              2018 жылғы 27 ақпанда «Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ   «Сапалы білім            берудің жаңа жолдары» тақырыбына дөңглек үстел өткізді.  Мақсаты-  оқу үдерісінде белсенді әдістерді қолдану бойынша тәжірибе ұсыну және жинақтау, білімдерін өзектендеру,  өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында  белсенді оқыту әдістерін қолданудағы бағалы тәжірибелер ортаға салынды: мәселелерді  талқылау, пікір алмасу, шығармашылық пікірталас, тығыз байланыстарды іздеу және қосымша мүмкіндіктерді пайдалану.

Дөңгелек үстелге балабақша мен колледж, аудан мектептерінен қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері  қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасының директоры Джумагулова Э.Н.    «Білім берудің жаңарту жолдары» тақырыбына баяндама жасады.    Урицкий МЛ мұғалімдері Атаева А.Б., Сулейменова Д.А. «Үш тұғырлы тіл- уақыт талабы»,   «Жаңа әдіс-тәсілдер»  тақырыптарына баяндама жасап, пікірлерін ортаға салды.

 

«Тілдарын» аудандық олимпиадасы

 

      Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы жастар арасындағы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту  мақсатында 2018  жылғы 27 ақпан күні «Тілдарын» аудандық олимпиадасын өткізді.

      Олимпиада мақсаты елбасымыздың үш тілділік саясатын қолдап, жастар арасында насихаттау. 3 деңгейден тұрған  аудан жастары арасындағы олимпиада 7 адам қатысты. 1-ші орынды Альмагамбетова Амиргуль, 2- ші орын Дуйсенова Сабина, 3-ші орынды Губа Татьяна иеленді. Барлық қатысушылар марапатталды.

«Кішкентай ханшайым мен ханзада» аудан бүлдіршіндері  арасындағы байқау

 

          2018 жылдың 13 наурызында  Сарыкөл ауданы әкімдігінің  тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен  Балдәурен балабақшасында  «Кішкентай ханшайым мен ханзада» аудан бүлдіршіндері  арасындағы байқауы болып өтті. Байқауымыздың мақсаты егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін бүлдершіндеріміздің бойында  мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастырып, қоғамның белсенді азаматы болуға тәрбиелеу.

Екі бөлімнен тұратын байқауға жиырма өзге ұлт тәрбиеленушілері қатысты. Бірінші бөлім өзін-өзі таныстыру, екінші кезеңде бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды.  Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

«Тәрбие басы - тіл» атты байқауы

2018 жылдың 19 сәуірінде «Солнышко» бөбекжайында Сарыкөл ауданы әкімдігі тілдерді оқыту орталығы КММ ұйымдастыруымен «Тәрбие басы - тіл» атты байқауы болып өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген шараға өзге ұлт өкілдері қатысып, қазақ салт-дәстүрлері тақырыбы бойынша өз өнерлерін көрсетті.

bottom of page